Connect with us

Hi, what are you looking for?

Авто-мото

Алматыда «Оңай» контролері автобус жүргізушісін сыбап тастады

Алматыда «Оңай» контролері автобус жүргізушісін сыбап тастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі almaty_dtp парақшасында жарияланды.

Видеода контролер әйел кадр сыртындағы адаммен сөйлесіп тұрады, осы кезде ер адам «Сен маған айғайлап, діңкілдейтін кімсің?» деп қайталап дауыс көтереді. Жанжал контролер әйелдің былапыт сөз айтып, автобустан түсіп кеткенімен аяқталды. 

Алматы қалалық Көлік холдингі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл видеода контролер әйел мен жүргізуші жанжалдасып қалған. 

«Бұл жағдайда контролер жүргізушіден жолаушының бес жасар баласы үшін төлеген ақшасын қайтарып беруін талап етті. Ал жүргізуші контролерді видеоға түсіріп, жағдайды ушықтыра бастады. Мұнда назар аударатын бір жайт, жолаушылар контролердің ісін құптады. Бұл бірінші кезекте алматылықтардың азаматтық позициясы, адамдар «Оңай» төлем сервисін енгізудің жақсылығын бағалады деген сөз. Бұл сервис арқылы тасымалдаушы компаниялардың айналымын анық әрі жағдайды нақты көрсетуге мүмкіндік берді, автобус паркін жаңартуға, жаңа бағыттар ашып, жаңғыртуға мүмкіндік берді және жалпылай алғанда Алматыдағы қоғамдық көлік жүйесінде тәртіп орнатты», — деді Алматы Көлік холдингінің директоры Садир Хамраев.

Сонымен қатар, АКХ-ның «Оңай» контролерлерінің желіге шыққанда жолаушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жұмыс тәртібін түзеу бойынша шараларды жалғастыратыны айтылады. «Көлік холдингі алматылықтарды қала қоғамдық көліктеріндегі жолақы төлеудің ыңғайлы әрі дамыған формасын құруға бағытталған контролерлердің функционалдық қызметтеріне түсіністікпен қарауын сұраймыз», — делінген АКХ хабарламасында.

ТранспортВидеоАлматыАвтомобилиАвтобус

You May Also Like

Авто-мото

В Астане полностью закроют еще один участок проспекта Кабанбай батыра, передает Tengri Auto со ссылкой на сайт столичного акимата. Продолжение ■ Какие участки дорог...

Авто-мото

На сайте epetition.kz создали петицию, адресованную Министерству внутренних дел. Авторы коллективного заявления просят разрешить тонировку передних боковых стекол автомобилей, передает Tengri Auto. Продолжение ■...

Авто-мото

На 1 мая 2024 года в Казахстане зарегистрировано 5 442 858 автотранспортных средств, передает Tengri Auto со ссылкой на Бюро национальной статистики АСПР РК....

Авто-мото

18 июня рабочая группа по рассмотрению петиции об отмене утильсбора посетила в Алматы три автопредприятия, входящих в состав группе компаний «Астана Моторс»: завод по...