Connect with us

Hi, what are you looking for?

Авто-мото

Chevrolet Cobalt-тың артықшылығы неде?

Chevrolet Cobalt-тың артықшылығы неде?

Автомобиль блогері Олжас Оқас (QazKolesa редакциясы) Chevrolet Cobalt-қа шолу жасап, көліктің артықшылықтарын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, Chevrolet Cobalt-тың үш негізгі артықшылығы бар:

  • Қазақстанда жасалған;
  • Қостанайдағы конвеерге қойылған;
  • Жеңілдетілген несиемен сатылады. 

Chevrolet Cobalt-тың артықшылығы неде?Chevrolet Cobalt, фото: Kolesa.kz

Көлік сатып аларда клиент қарапайым формаға жүгінеді: көлік қымбат болмауы керек, салоны кең, жүк салғышы ауқымды болуы керек және көліктің ресурсы жоғары болғаны дұрыс. Егер трансмиссиясы автомат болса, модельдің мүмкіндігі арта түседі. 

Модельге ең оптимал амортизатор мен серіппе қойылған. 16 клапандық қозғалтқышы 106 ат күшін береді. Бұл эконом кластың алтын стандарты. Көліктің массасы 1243 келі. 

Жүксалғыш қақпағының ашылуы электрмеханикалы. Жүксалғыштың көлемі — 560 литр. 

Chevrolet Cobalt, фото: Kolesa.kz

Chevrolet Cobalt салоны:

Олжас Оқастың сөзінше, көлік салоны жапониялық көліктерді еске салады. Біріншіден, салонның түсі ерекше: сұр.

«Орындықтары жұмсақ. Қыста жылы, бірақ жазда ыстық. Көліктің ішінде қажет заттарды қоятын қалталар өте көп. Шағын болса да шынтақ тірегіші бар. 12 вольттық адаптер мен үш қалта бар. Саймандар панелі комбинацияланған: сол жағында тахометр, оң жағында цифрлық көрсеткіш, яғни жылдамдық электрон түрде көрсетіледі. Сұйық отын тұтынуы туралы: аралас циклда 8,5-9 литрді көрсетеді. Тасжолда 6-6,5. Бұл 2021 жыл үшін аз емес және көп те емес», — дейді блогер. 

Фото: Kolesa.kz

Chevrolet Cobalt моторы:

B15D2 моторы беріктілігімен, шыдамдылығымен тұтынушыларды ғана емес, автосарапшыларды да таңғалдырды. Шынжырдың жетегімен жұмыс істейтін үлестіру білігі басты қатырмайды. Бір сөзбен айтқанда DOHC қозғалтқышы сенімді. 

«Соңғы жарты жыл бойы Chevrolet Cobalt – бестселлер. Тіпті Chevrolet Nexia-ға дес бермей келеді. Елімізде күн сайын Nexia-ның 30 талы, ал Cobalt-тың 40 данасы сатылып жатыр», — деп түсіндірді шолушы. 

Бес сатылы механикамен жүретін Comfort комплектациясы 4 190 000 теңге тұрады. Автоматы бар Optimum комплектациясы 4 890 000 теңгеден басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда «ВКонтакте» желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Партнерский материал
Автомобили

You May Also Like

Авто-мото

На сайте epetition.kz создали петицию, адресованную Министерству внутренних дел. Авторы коллективного заявления просят разрешить тонировку передних боковых стекол автомобилей, передает Tengri Auto. Продолжение ■...

Авто-мото

В казахстанском сегменте соцсетей появилась информация, что уже этой осенью в Казахстане снимут запрет на тонировку передних боковых стекол. Рассылка вызвала широкий резонанс среди...

Авто-мото

В Шымкенте мужчина «прокатил» на капоте автомобиля полицейского, который пытался остановить транспорт, передает Tengrinews.kz со ссылкой на Otyrar.kz. Очевидцы сняли на видео, как сотрудник...

Авто-мото

В Астане полностью закроют еще один участок проспекта Кабанбай батыра, передает Tengri Auto со ссылкой на сайт столичного акимата. Продолжение ■ Какие участки дорог...